Ет экспортын арттыруға технологияның мүмкіндік жетпейді. Өйткені, ет өндірушілердің көпшілігі өнімді шаруашылық деңгейде дайындайды. Сол себепті сапа сертификациясынын өте алмайды. Ет экпорттаушы кәсіпкердің пікірінше, ет өнімі екі түрде экспортталады. Олар салқындатылған және мұздатылған. Ал етті мұздатып, ұзақ мерзімде сақтайтын арнайы технологиялық орындар жетіспейді. Сол себепті кәсіпкерлер ішкі нарықтан аса алмай отыр.
- Салқындатылған ет сату тиімдірек. Өйткені мұздатылған ет сатуда бразилия, уругвай секілді елдермен бәсекелесе алмаймыз. Біздің бағамыз олардан қымбат болып шығад. Өйткені оларға үлкен құрылғылар керек, - деді AsylMeet компаниясының директоры Олжас Досанбай.
Статистикаға жүгінсек, жыл басынан бері ет экспорты 25 пайызға қысқарып, 3,1 млн долларды құраған. Оның 1,5 мың тоннасы немесе 94 пайызы ресейге жөнелтілген. Дегенмен, Ресей нарығындағы қазақстан еті өткен жылға қарағанда 15 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай мен Өзбекстанға жіберілген ет азайып, 1 тоннаға да жетпеді.