Қазақстанда этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адам қамауға алынды

2438

Журналист Михаил Козачков елімізде этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адамның қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адам қамауға алынды Фото: Бейнежазбадан

Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бабымен іс қозғалған.

"Танысып қойыңыздар, Мукин Мейірбек Құдайбергенұлы, 1991 жылы дүниеге келген. Павлодар облысының тумасы. Жақында ол интернетте орыстарды өлтіруге шақырған. 14 қазанда Қарағандыда полиция қызметкерлері тұтқындап, изоляторға қамалды", – деп жазды Козачков.

Ол бұған дейін де істі болған көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу