2026 жылғы тамызда Қазақстанда фастфуд қызметтерінің бағасы бір айда 0,1%-ға, ал бір жылда 10,2%-ға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Айлық өсім тек Түркістан облысында тіркелді – мұнда фастфуд бағасы 1,2%-ға өскен. Қалған өңірлерде баға өзгеріссіз қалды.
Жылдық көрсеткіш бойынша баға ең көп Ақтөбе облысында – 23%-ға қымбаттаған. Одан кейін Ақмола облысы – 16,2%, Павлодар – 15,7%, Түркістан – 15,5% және Атырау облысы – 13,6%.
Ал бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (1,4%) және Қарағанды (4%) облыстарында тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу