Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров алдағы уақытта мемлекеттің агроөнеркәсіптік фермерлерге субсидия беруден бас тартатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол жалпы мемлекет агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саясатын өзгертуді жоспарлап отырғанын алға тартты.
"Біз субсидиялардан бас тартамыз. Экономиканы реттеу туралы жарлық қабылданды. Сондай-ақ, нақты шаралар бар. 2029 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялардан мүлдем бас тартып, оларды осындай жеңілдетілген қайтарымды ресурстармен алмастыру керек. Өйткені жыл сайын, шынымен, үлкен сома жұмсалады. Осы субсидиялардың нәтижелілігіне қатысты сұрақтар болды. Ақша қайтарылса мұнда мүлдем басқа тәсіл болады және фермерлердің жауапкершілігі артады", – деді Нұрлан Байбазаров.
Сонымен қатар ол қазір барлық субсидияларды беруді автоматтандыру туралы шешім қабылданғанын айтты. Мұны Агрокредиттік корпорация цифрлық платформада жүзеге асыратын болады.
"Адамдар аяқпен жүрмейді, біреумен келіспейді немесе заңсыз жолдармен субсидия алмайды. Цифрландыру көптеген мәселелерді шешеді", – деп қосты ол.