Қазақстанда фильмді дубляждауға қанша ақша жұмсалады

1759

Бұл туралы "Меломан" ұлттық жобалар компаниясының басшысы Низами Мамедов мәлім етті.

 Қазақстанда фильмді дубляждауға қанша ақша жұмсалады

Киноны қазақ тіліне аудару  орташа есеппен 40 млн теңге тұрады. Бұл туралы LS –ке "Меломан" ұлттық жобалар компаниясының басшысы Низами Мамедов мәлім етті, деп хабарлайды abctv.kz.

 Ең алғашқы дубляж жасалған картина 2011 жылы шыққан "Тачки 2" мультфильмі болған. Оны аударуға шамамен 18 млн теңге кеткен.  Ал одан кейінгі жобаларға 25 млн теңгеден бастап 35 млн теңгеге дейін қаражат жұмсалған.

"Жылына қазақ тілінде 4-5 жоба шығады. Қазір бір жобаның орташа құны 35 млн теңгеден бастап 45 млн теңгеге дейін деп бағаланып отыр. Әдетте, аудармаға кететін ақша материалдың саны мен көлеміне байланысты болады", - деген компания өкілі, бұл соманың үлкен бөлігі Қазақстанда қалатынын айтты. Ол қызметкерлерге, шығармашылық студияға,  дубляж актерлеріне төленеді.  Ал қалғаны фильм мәліметіне жұмсалады.

Низами Мамедовтің  айтуынша, тап қазір қазақ тілінде аудармасы бар 27 картина шығарылған. Тағы екі жоба 2018 жылдың соңына дейін шығарылады. "Меломан"  ұлттық жобалар компаниясы басшысының айтуына қарағанда, мультфильмдерді дыбыстау кинокартинаға қарағанда қымбат тұрады. Бұл мультфильмдердегі қозғалыс пен диалогтың көп болуына байлансты.

 Сонымен қатар екі тілдегі билеттің бағасында айырмашылық болмаса да, дубляж өзін ақтамайды. Мысалы, егер фильмді аударуға шамамен 40 млн теңге кететін болса, кассада сатылған билеттен тек 20 млн теңге ғана түседі.

"Фильмнің дубляжы өзін ақтамай отырса да, біз оны аударуды тоқтатып отырған жоқпыз. Өйткені қазақ тіліне аударылған фильмдерге деген сұраныс өсіп келеді. Әр картина сайын көрермендер саны көбеюде", - деп түйіндеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу