Қазақстанда француз капиталы бар 135 кәсіпорын жұмыс істеуде

1248

Қазақстанда француз капиталы бар 135 кәсіпорын жұмыс істеуде

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Франция арасында түрлі салада тығыз байланыс орнап, дамығанын айтқан аймақ басшысы екі елдің сауда-экономикалық әріптестік байланысы бойынша 5-орында келетінін атап өтті.

"Қазақстан негізінен мұнай, металл мен металл өнімдерін, химиялық өнімдер, ауыл шаруашылығы азық-түлігін экспорттауда. Ал Франциядан мемлекетіміз электронды және мехиникалық жабдықтар, тұтынушылық тауарлар, дәрі-дәрмек пен косметика, автокөлік, тағам өнімі мен құрылыс материалын импорттайды. Францияның Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бастап 2016 жылдың жартысына дейін құйған қаржысы 12,7 млрд долларды құрады. Біздің елімізде француз капиталы бар 135 кәсіпорын жұмыс істеуде. Олардың арасында "Тоталь", "Арева", "Данон", "Викат", "Пежо", "Альстом" және басқа да компаниялар бар",- деді Жансейіт Түймебаев.

Өз кезегінде француз елшісі ОҚО мен Франция аймақтары арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлы әріптестікті дамытудың әлеуеті зор екенін айтты.

Оңтүстікке жасаған  сапары барысында Француз елшісі мен Француз альянсы президентінің қатысуымен Француз альянсының инаугурациясы өтеді деп жоспарлануда. Елші бұған қоса облыстағы уран өндіру кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу