ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда жаңа қазақ-француз университеті ашылатынын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Бүгін мемлекет басшылары Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу мәселесін қарастырады. Оқу орны Қазақ-Неміс университетіне ұқсастық бойынша құрылады. Біз осы мәселені зерттейтін топ құрамыз", деді Саясат Нұрбек Ақордада.
Сондай-ақ, ол қазақстандық тарап Францияның мықты университеттерін тарта отырып, өңірлік университеттер жанынан ғылыми-зерттеу бөлімдерін ашу мүмкіндігін талқылайтынын айтты.
"Франция университеттерінің делегациясы келді, бүгін Алматыда Қазақстан-Франция ректорларының форумы басталады", деді ол.