Қазақстанда ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындалды

718

Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Наиля Базанова атындағы марапат тағайындалды.  

Қазақстанда ғалым әйелдерге арналған марапат тағайындалды Фото: ҚР ҰҒА баспасөз қызметі

Ұлттық ғылым академиясы алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған марапат тағайындады. Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атындағы марапат отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында тағайындалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы салтанатты іс-шара өткізді. Оған еліміздің әр өңірінен келген жетекші ғалым - әйелдер қатысты.

Ғалым әйелдермен кездесу офлайн/онлайн форматында өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен 70-тен астам жетекші ғалым-әйелдер қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Нәзік жандардың саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін атап өткен Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев әйелдерді құттықтады.

"Халқымыз "Жұмақ – Ананың ізінде, шуақ – Ананың көзінде" деген. Бүгінгі таңда әйелдердің қоғамдағы алар орны ерекше. Ол жанұяның қамқоршысы ғана емес, ол қоғамның барлық саласының дамуына орасан зор үлес қосып отырған белсенді тұлғасы деп толығымен айтуға болады. Соның ішінде нәзік жандардың ғылым мен білім беру  саласының дамуына қосар үлесі айтарлықтай. Статистикалық деректер бойынша жыл сайын ғылыми жұмыстармен шұғылданатын әйелдердің үлесі тұрақты түрде артуда. Мәселен, егер 2015 жылы олардың үлесі 50 пайыз болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 54,5 пайызға жетіп отыр. Яғни, осы саладағы жетістіктердің басым көпшілігі  нәзік жандардың еңбегі десек артық айтпаған болар едік", - деді Ақылбек Күрішбаев.

Ғылымды дамытуда әйелдердің үлесі ғалымдардың жалпы санының 60%-ға жуығын құрайды. ХХ ғасырдың басына дейін әйелдер қатал кемсітушіліктен зардап шекен, ғылым саласында да оларға шектеулер көп болды. Оларды ғылымға жақындатпаған және қабілетсіз деп санаған. Сол кездегі жанашырлар көптеген кедергілерді жеңуге, ерлердің бүркеншік атын алуға мәжбүр болды және әйелдердің жұмыстары мен ашқан жаңалықтары көбінесе ер ғалымдардың атынан жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу