Қазақстан Гам-КОВИД-Вак-М вакцинасын тіркеді

909

Спутник-М 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған.

Қазақстан Гам-КОВИД-Вак-М вакцинасын тіркеді

2022 жылғы 19 ақпанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Гам-КОВИД-Вак-М" дәрілік затына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Гам-КОВИД-Вак-М - SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін векторлық вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді, компоненті I-0,5 мл/доза + компоненті II-0,5 мл/доза, Ресей Федерациясында өндірілген. 

Вакцина Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 10 ақпандағы хаттамасының және ҚР ДСМ КМФБК "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК 2022 жылғы 17 ақпандағы қорытындысының негізінде тіркелді. 

"Спутник М"-нің мен "Спутник V"-дан айырмашылығы сол, мұнда аденовирустық бөлшектердің концентрациясы бес есе төмен, соның арқасында жасөспірімдер иммунитеті ересектерге арналған дозаны қолданумен салыстырғанда аз жүктемеге ұшырайды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу