Қазақстанда Geely, Exeed, КAIYI жеңіл көліктер өндірісі іске қосылуы мүмкін

269

9 айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды.

Қазақстанда Geely, Exeed, КAIYI жеңіл көліктер өндірісі іске қосылуы мүмкін Фото: abw.by

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз отандық автомобильдердің CKD әдісімен өндірісін ұлғайтуға баса назар аударамыз. Бұл дегеніміз – елде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесін арттыру. Осы бағытта шетелдік және отандық инвесторлар ел аумағында жаңа зауыттар салу жұмыстары жүргізіліп келеді. Мәселен, Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың бірлік автокөлік шығарылатын болады. Сонымен қатар, 200 млн долларлық KIA автомобиль зауытының құрылысы жүргізіліп, 150 млн долларға Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдер өндірісі пысықталуда",  деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Ведомство басшысы секторды одан әрі дамыту автокомпоненттердің отандық өндірісін игеру есебінен жоспарланып жатқанын баса айтты. 

"Мысалы, биыл Алматыда мультимедиялық жүйелердің және автокреслолардың сериялық өндірісін іске қосу күтілуде",  деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу