Қазақстанда гендерлік алшақтық саяси және экономикалық салада көбірек байқалады

Бұл туралы "Қазақстандық қоғамдық даму инcтитуты" КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова айтты.  

Қазақстанда гендерлік алшақтық саяси және экономикалық салада көбірек байқалады Фото: egemen.kz

Брифингте ол институт жүргізген қоғамдық зерттеудің қорытындыларын жариялады.

"Қазақстан гендерлік теңсіздікпен күрес кезінде үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келеді (Gender Gap Index). Еліміз 10 жыл ішінде 2022 жылы алғаш рет 15 позицияға көтерілді. Алайда әлі де болса, айтарлықтай гендерлік алшақтық бар. Әсіресе Қазақстанда алшақтық саяси және экономикалық салада көбірек байқалады. Өйткені біздің қоғамымызда әйелдердің саясатқа қатысуы ер азаматтарға қарағанда шектеулі. Ұзақмерзімді келешекте бұл ұлттық адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселеге баса назар аудару қажет", - деді институт өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу