Бір жыл бұрын глэмпингтердің саны 28 бірлікті құраған, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Глэмпинг - қонақ үйдің жайлылығымен табиғат аясында демалу мүмкіндігін біріктіретін кемпинг түрі. Қазір дүниежүзі бойынша туристер тарапынан глэмпингтерге сұраныс артып, танымал бола бастады.
Глэмпингтердің құрылысы кәсіпкерлер үшін де қолжетімді әрі тиімді бизнес-жоба. Бүгінде Алматы облысында Қапшағай Глэмпинг Playa кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Имантау-Шалқар курортты аймағында "A-frame glamping house Shalkar" және "Shalkar" глэмпинг-паркінің құрылысы жоспарланып отыр. Екі кешеннің жалпы сыйымдылығы – 110 төсек орнына арналған.
"Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп күтіліп отыр. Шетелдіктер негізінен табиғат аясында, курортты аймақтарда демалысты таңдайды. Сол себепті глэмпингтердің құрылысы әлемдік трендке ілесе отырып, еліміздің туристік тартымдылығын одан әрі арттырудың тамаша мүмкіндігі",- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.