10-11 ақпан күндері аралығында Астана қаласында "Жастар" cарайында грэпплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 500-ге жуық спортшы қатысты. Іріктеу нәтижесіне сәйкес жеңімпаздар Бішкек қаласында өтетін Азия біріншілігінде ел намысын қорғауға аттанады, деп хабарлайды abctv.kz.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында "Astana Open" халықаралық турнирі жоғары деңгейде өтті. Ал күзде Қазақстанда алғаш рет әлем чемпионаты өтетін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу