Қазақстанда хакерлік бағдарлама тарап жатыр

473

Олар жеке мәліметтерге қауіп төндіруі мүмкін.

Қазақстанда хакерлік бағдарлама тарап жатыр Фото: BBC

Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері хакерлердің "Trojan Downloader" вирусын тарататын фишингілік интернет-ресурсын анықтады. Бұл туралы орган мамандары ресми сайтында хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Мемлекеттік қызметтерді алуға тапсырыс берген кезде электронды қолтаңба қалдыру үшін NCALayer бағдарламасын орнату қажеттігін бәріміз білеміз. Мемлекеттік техникалық қызмет "hxxps://ncalayer.info/update.php" дейтін фишингтік интернет-ресурсты анықтады. NCALayer-ді жаңартатын бағдарлама ретінде ұсынылатын ресурс жүктелген соң "Trojan Downloader" вирусын таратады. Сол арқылы қолданушының құрылғысына зиянкес бағдарлама орнатылады.

Соның салдарынан ақырында қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты, парольдерді оқи алады. Тіпті құрылғыға тысқары қосымшалар да орната алады", - деп жазылған ресми мәліметте.

Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері мұндай бағдарламаларды орнатудан, күдікті сілтемелерге өтуден аулақ болу қажеттігін айтып отыр. Өйткені мұндай әрекет жеке мәліметтерге қауіп төндіруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу