Қазақстанда "Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов" атындағы медалі тағайындалды

296

Алғашқы медаль естелік ретінде батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиеваға табысталды.

Қазақстанда "Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов" атындағы медалі тағайындалды Фото: polisia.kz

Полиция капитаны Ғазиз Байтасов бейбіт тұрғындарды қорғау жолында өз өмірін құрбан етіп, айрықша батылдықтың, жанқиярлықтың және қызметтік борышына адалдықтың үлгісін көрсетті. Оның ерлігі Қазақстан тарихында алтын әріптермен жазылып, Отанға қалтқысыз қызмет етудің жарқын бейнесіне айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес батырдың құрметіне Ішкі істер министрлігінің "Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов" ведомстволық медалі тағайындалды. Алғашқы медаль естелік ретінде батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиеваға табысталды.

Бұдан былай бұл медальмен қызметтік міндетін атқару кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталатын болады. Нағыз батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталып, халық жүрегінен орын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу