2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 19 967 964 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 387 957 адам, ауыл тұрғындары – 7 580 007 адам, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері халық өсімі 1,02% немесе 201,1 мың адамды құрады.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана (4,06%) мен Алматы (2,28%) қалаларында және Маңғыстау облысында – (1,94%).
Халық өсімінің биылғы қарқынын ескерсек, 20 миллион адам көрсеткіші 2023 жылғы қарашада болады деп күтіліп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу