Қазақстанда халық саны бір жылда 1,32 пайызға өсті

1379

Қазақстанда халық саны бір жылда 1,32 пайызға өсті

2017 жылғы 1 тамызға еліміздегі халық саны 18054,0 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10351,7 мың (57,3%), ауылдықтар – 7702,3 мың адамды (42,7%) құрады. 2016 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 235,4 мың адамға немесе 1,32% өсті, деп хабарлайды ҰЭМ статистика комитеті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбасындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 222,8 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,27 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 77,3 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,4% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,38 қайтыс болғандарды құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 39,1% көбейіп, 9 711 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 2,3% көбейіп, 19 407 адамды құрады, көші-қонның айырымы -9 696 адам болды.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу