Іс-шараға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар университеттердің серіктестік бағдарламалары мен кәсіби тағылымдамалары, сондай-ақ ғылым, халықаралық академиялық алмасу және жоғары білім саласында әлеуетті арттыру жөніндегі бастамалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты талқылады.
Ведомство басшысының айтуынша, халықаралық бағдарламалар қазақстандық студенттер, ғалымдар мен салалық мамандарға әлемдік қауымдастық деңгейінде білімін жетілдіруге көмектесіп, жаңа мүмкіндіктер ашады.
Халықаралық білім беру институты 185 елден 27 мыңнан астам адам қатысатын 200-ден астам білім беру бағдарламасын іске асырады. Сонымен қатар Институт студенттердің халықаралық ұтқырлығы бойынша зерттеулер жүргізеді.
Сондай-ақ, іс-шарада Қазақстанда "Steppe Global Education" Халықаралық білім беру институтының еншілес ұйымын ашу мүмкіндігі талқыланды.