Қазақстанда Халықаралық мүгедектер күні аталып өтіледі

418

Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады.

Қазақстанда Халықаралық мүгедектер күні аталып өтіледі Фото: inbusiness.kz

3 желтоқсанда бүкіл әлемде Мүгедектер күні атап өтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Мүгедектер күні –мүгедектігі бар адамдарға құрмет пен қолдау көрсетуге, қоғамда азаматтардың тең екенін және оны есте сақтау керектігін білдіреді.

Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады. Бұл күн мүгедектігі бар азаматтардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен денсаулықтарын қорғауға, олардың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге қатысуынан қоғамға келетін басымдықтарға назар аударуға бағытталған.

Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар түрлі салада еңбек етуде. Олар Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, әртістер және т. б. салалық мамандықты игеріп, жетістіктерге қол жеткізуде.

Соңғы жылдары мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жүйесінде елеулі өзгерістер орын алды.

Мүгедектігі бар ересек азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары ашылуда. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі жетілдірілуде. Республиканың барлық өңірлерінде кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу