Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күні атап өтіледі

1604

23 маусым, жексенбі күні Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күні тойланады.

Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күні атап өтіледі

Біздің еліміз бұл мерекені 26-шы рет атап өткелі отыр. Бұл күні еліміздің қалаларында бұқаралық-спорттық іс-шаралар өтеді. Қазақстан астанасындағы мерекелік бағдарлама 09.00-де басталады, деп хабарлайды olympic.kz.

Негізгі бағдарлама Орталық мәдениет және демалыс бағында ұйымдастырылмақ.  Мерекелік бағдарлама аясында жетінші дан иегері, жекпе-жек өнерінің шебері Ониси Нобукадзудың шеберлік сабағы өтеді. Сондай-ақ, Fitness Park Astana командасының нұсқаушылары жалпыға арналған жеңіл дене шынықтыру сағатын жоспарлап отыр. Олимпиада күніндегі бағдарламалар тізбегі бокс, джиу-джитсу, зумба, йога, кросс-фиттен өтетін шеберлік сағаттарымен аяқталады. 

Алматыда бұл күні арнайы веложарыс ұйымдастырылады. Жарыс таңғы сағат 9.00-де Торайғыров және Сайын көшелерінің қиылысында бастау алады. Қатысушылар арнайы веложолақта жарысып, Орталық стадион маңында жеңімпаз анықталады. 

Айта кетелік, Халықаралық Олимпиада комитеті 1948 жылы Санкт-Морицеде өткен ХОК-тың 42-ші сессиясында 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күнін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл күннің таңдалуы де бекер емес. 1894 жылдың 23 маусымында ХОК құрылған болатын. Дәл сол күні олимпиадалық қозғалыстың негізін салушы, барон Пьер де Кубертен халықаралық атлетикалық конгресс алдында тарихи баяндама жасады. Мерекені тойлау барысында Қазақстан қалаларында жыл сайын спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу