Қазақстанда халықаралық радионуклид стансасы салынбақ. Ол ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы келісімшартты қадағалауға бағытталған. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесу барысында ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы келісімшарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Стансаны ашу жөніндегі меморандумға еліміздің энергетика министрлігі мен Канаданың сыртқы істер министрлігі қол қойған.
Ал Аустрия астанасы Венада осыған орай ынтымақтастық аясын кеңейту мәселесі пысықталды. Қазақстан тарапы елімізде ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы келісімшарт ұйымының жастар топтарының конференциясын өткізуді ұсынды. Бұл шара келер жылдың 29 тамызында, яғни Семей полигонының жабылу күнімен тұспа-тұс өтеді деп жоспарланған.