Қазақстанда Халықаралық валюта қорының миссиясы өз жұмысын бастады

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және Халықаралық валюта қорының бюджеттік мәселелер жөніндегі Департаментінің аға экономисі - миссия Басшысы Саже Де Клерктің кездесуі өтті. 

Қазақстанда Халықаралық валюта қорының миссиясы өз жұмысын бастады Фото: Bugin.kz

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, Ұлттық Банктің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, Жоғары аудиторлық палатаның, Экономикалық зерттеулер институтының және ХВҚ өкілдері қатысты.

"Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ХВҚ миссиясының жұмысын бастады. Техникалық көмек шеңберінде шетелдік сарапшылар бюджет-салық саласының ашықтық деңгейін бағалайтын болады", – деп хабарлады ҰЭМ. 

Атап айтқанда, бюджеттік есептілікті, салық-бюджеттік болжамдарды және бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тәуекелдерді талдау мен басқаруды, сондай-ақ табиғи ресурстардан түсетін түсімдерді басқаруды зерделеу жоспарлануда.

ХВҚ-ның бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары бюджет-салық саясатын одан әрі жетілдіру шеңберінде, оның ішінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін әзірлеу кезінде пайдаланылады.

Халықаралық валюта қорының миссиясы 6 ақпанға дейін жалғасады. ХВҚ сарапшылары ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу