Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарды қабылдауды тоқтатты

225

Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы мәлім етті.

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарды қабылдауды тоқтатты Фото: Өскен өңір

Еліміздегі Халыққа қызмет көрсету мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, техникалық ақауларға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында қоғамдық қабылдау уақытша тоқтатылды. Қазір "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның бірқатар серверлері қолжетімді емес.

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, интернет ақауы бізде ғана болып жатқан жоқ. 

"Ұялы байланыс пен Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистеріндегі қазіргі ақаулар ғаламдық сипатқа ие болды. Бұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркелді. Бұл Ұлттық ақпараттық технологиялар (egov және gov) қолдайтын қызметтердің техникалық ақауына қатысты емес”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ министрлік "Ұлттық ақпараттық технологиялар "қолдау көрсететін қызметтердің жұмысы қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді. 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар қолдау көрсететін қызметтердің жұмысы, оның ішінде eGov.kz порталы, eGov мобильді қосымшасы, E-license және "Цифрлық құжаттар" сервисі, "Ашық үкімет" порталдары, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы қалпына келтірілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктік өтініштер бойынша мемлекеттік қызметтерді алу үдерісі қалпына келтірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу