Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады

1322

Қазіргі таңда елімізде 207 жұмыспен қамту орталығы бар.

Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысын тоқтатады Фото: google.com

Оның орнына Еңбек мобильдігі орталықтары құрылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жойылады. Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда Еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. Мұндай орталықтардың филиалы Мансап орталығы деген атаумен жұмыс істейді.

Еңбек мобильдігі орталықтары "Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР заңы негізінде жұмыс істейді. "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Күміс жас", "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларын жүзеге асырады.

Еңбекминнің мәліметі бойынша, қазіргі таңда қазақстанда 207 жұмыспен қамту орталығы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу