Осылайша, Қазақстандағы 10 банктің жетеуіне аударылған салым өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Жеке салымдар сәуірде 2,6% (немесе 295,7 млрд тг) өсіп, 11,63 трлн теңгеге дейін жетті. Екінші деңгейлі үздік 10 банктің жетеуі және сектор бойынша жалпы 18 банктің көрсеткіші едәуір жақсарды.
"Үздік 10 банктің ішінде бір айлық өсім жағынан абсолютті көшбасшы – ForteBank (9,3%). Банк клиенттерге депозиттерді оңай алу мүмкіндігін жасаған. Айлық өсім жағынан екінші орында – Kaspi Bank (+6,4%). Үздік үштікті Jusan Bank (+3,5%) түйіндейді", - делінген зерттеуде.
Жылдық динамикада жеке салымдар 17,5% өскен. Үздік ондықта екінші деңгейлі 9 банк бар.
Аян Бекенұлы