Қазақстанда Hanteng маркалы қытайлық көліктер құрастырылады

1605

Hanteng X5 және X7 маркалары Қостанайда жинақталады.

Қазақстанда Hanteng маркалы қытайлық көліктер құрастырылады

Отандық автоқұрастырушылар жаңа көлік түрін шығаратын болды. Ол – қытайлық Hanteng маркалы көлігі, деп хабалайды kaz.altaynews.kz.

Жоба "СарыаркаАвтоПром" ЖШС-ның қолдауымен жүзеге асады. Ол кәсіпорында корейлік, еуропалық маркалармен қатар қытайлық Ankai деген автобустар мен JAС деген жеңіл көліктер құрастырылып жатқандығы белгілі.

Hanteng компаниясы Қытайда 2013 жылы ашылған болатын. Ол осы 5 жыл ішінде өзіндік ерекшелігімен әлемге таныла білді.

Айта кетейік, Hanteng X5 және X7 маркалары Қостанайда жинақталады.

Қозғалтқыш көлемі 1,5 және 2,0 литр. Алдыңғы дөңгелегі жұмыс істейді. Көлік делдалдардың қолына алдағы көктемде өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу