Қазақстанда ХҚКО-лар біртіндеп жойылады, қызмет онлайнға көшеді

359

Негізгі басымдық – азаматтардың мемлекеттік қызметті өз бетінше, онлайн алуына жағдай жасау.  

Қазақстанда ХҚКО-лар біртіндеп жойылады, қызмет онлайнға көшеді Фото: gov.kz

Бұл өзгеріс сатылай жүзеге асады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда көпшіліктің күнделікті тіршілігіне сіңіп кеткен ХҚКО болашақта түбегейлі өзгереді. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталықтары классикалық "терезелерден" бас тартып, селф-аймақтар мен өзіндік қызмет көрсету кеңістіктері форматына көшеді.

Жаңа үлгіде ХҚКО қызметкерлері қағаз қабылдап, анықтама беруші емес, кеңесші әрі цифрлық қызметтерге бағыттаушы рөл атқарады. Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта қалай алу керегін үйрету – негізгі міндет болмақ.

Оның сөзінше, қалаларда дәстүрлі қызмет көрсету аймақтарының белгілі бір бөлігі сақталады. Бұл – цифрлық қызметтерді игере алмай отырған азаматтар үшін жасалатын өтпелі шешім.

Биылдан бастап онлайн көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ауқымы кеңейеді. Жеке куәлікті жоғалтып алған жағдайда қайта рәсімдеу, паспортты алғаш рет алу секілді маңызды қызметтер толықтай цифрлық форматқа көшеді.

Қазір жүргізуші куәлігін қайта алу онлайнға ауыстырылған, ал оны алғаш рет алу үшін өтініш тек интернет арқылы қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу