Қазақстанда ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігіне байланысты талаптары 82%-ға орындалған

353

ИКАО жақын арада Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне тексеріс жүргізуді көздеп отырған жоқ

Қазақстанда ИКАО-ның ұшу қауіпсіздігіне байланысты талаптары 82%-ға орындалған Фото: google.com

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) келесі жылға арналған ұшу қауіпсіздігіне тексеру жүргізуге байланысты әмбебап бағдарламаны орындау жөніндегі электронды бюллетені шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл құжатта ұйымға мүше мемлекеттердің авиациялық билік орындары мен ИКАО-ның алдағы кезеңдегі жоспарлы тексеру жұмыстары қамтылғанын айта кетейік.

Жарияланған жоспарға сәйкес ИКАО биыл және келесі жылы Қазақстанның азаматтық авиация қызметіне аудит жүргізуді қарастырмайды.

Қазір елімізде ұшу қауіпсіздігіне байланысты ИКАО-ның стандарттары 82%-ға жетіп отыр. Бұл еуропалық талаптың орташа көрсеткішімен тең.

Осы орайда аталған халықаралық ұйым тәуекелдер көрсеткіштерін, бұрынғы тексерулердің нәтижелерін, мүшелікке кіретін елдердегі авиациялық қызметтің ауқымын және анықталған кемшіліктерді алдын алу бағытында орындалған жұмысты қоса алғанда, түрлі факторлар негізіндегі әмбебап бағдарламаның аясында тексерулер жүргізу үшін мемлекеттерді таңдауды жалғастыруды көздеп отырғанын айта кетейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу