Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіге шығуға тыйым салына ма?

363

Жақында Өзбекстанда имамдарға әлеуметтік желілерде отыруға тыйым салынды.  

Қазақстанда имамдарға әлеуметтік желіге шығуға тыйым салына ма? Фото: ummet.kz

 

Осындай жаңашылдық елімізде енгізілуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенат кулуарында жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізге көршілеріміздің тиісті тәжірибесі мәлім. Бірақ та, әлеуметтік желілер де үмметпен, азаматтармен сөйлесулің бір құралы деп есептеймін. Сондықтан да біз басқа нұсқаларды қарастырып отырмыз. Әлеуметтік желілерді жүргізуге тыйым салу мәселесі тұрған жоқ", - деді вице-министр.

Тілшілер Қанат Ысқақов басқа нұсқалар деп нені меңзеп отырғанын нақтылады.

"Бұл сөйлесудің басқа тәсілдері. Офлайн, онлайн, стрим сөйлесу бар. Бұл қауыммен, діндарлармен сөйлесудің бір құралы іспеттес. Күн тәртібінде (имамдарға) желіні шектеу мәселесі тұрған жоқ", - деп атап өтті Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу