Қазақстанда импорттық алкоголь өнімдерінің төменгі шекті бағасы бекітіледі

912

Елімізге импортталатын тауарлардың құнын тым арзан көрсетіп салықтан жалтарып жүргендердің әрекеті тыйылар емес, деп хабарлайды Atameken Business  

Қазақстанда импорттық алкоголь өнімдерінің төменгі шекті бағасы бекітіледі

Салдарынан миллиардтаған теңге бюджетке түспей қалады. Мәселен, 2019-2020-шы жылдар аралығында тауарлардың жалған транзиті бойынша 30 мыңға жуық дерек тіркелген.

Бұл дегеніміз, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы барлық тауар тасымалдарының 17 пайызынан біздің бюджетке салық төленбеген, нақтысы кәсіпкерлер салықтан қасақана жалтарған. Мұндай заңбұзушылықтар енді қайталанбауы үшін әзірге алкогольді өнімдер үшін төменгі шекті бағасы бекітілді. Ол 2022-ші жылдың қаңтарында күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу