Қазақстанда індетті жұқтырғандардан жазылғандардың саны арта бастады

670

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан мәліметке сүйенсек, елде 232 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қазақстанда індетті жұқтырғандардан жазылғандардың саны арта бастады

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 7 235 адам жұқтырды. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 649 120 жетті. 

Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында -  1161,
Алматы қаласында - 1486,
Шымкент қаласында – 570,
Ақмола облысында – 263,
Ақтөбе облысында - 223,
Алматы облысында - 170,
Атырау облысында - 627,
Шығыс Қазақстан облысында - 220,
Жамбыл облысында - 100,
Батыс Қазақстан облысында - 54, 
Қарағанды облысында - 1061,
Қостанай облысында - 248,
Қызылорда облысында - 228
Маңғыстау облысында - 177,
Павлодар облысында - 286,
Солтүстік Қазақстан облысында - 156,
Түркістан облысында - 105.
Сондай-ақ 7 702 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 2094,
Алматы қаласында - 876, 
Шымкент қаласында - 269,
Ақмола облысында - 195,
Ақтөбе облысында - 366,
Алматы облысында - 623,
Атырау облысында - 284,
Шығыс Қазақстан облысында - 67,
Жамбыл облысында – 315,
Батыс Қазақстан облысында - 121,
Қарағанды облысында - 942,
Қостанай облысында - 409,
Қызылорда облысында - 290,
Маңғыстау облысында - 161,
Павлодар облысында - 373,
Солтүстік Қазақстан облысында - 131,
Түркістан облысында - 186.

Елімізде барлығы 533 329 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 9 тамызға дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның  І компонентін  5 807 646 адам, ІІ компонентін 4 445 534  адам салдырды.

10 тамыздағы мәлімет бойынша 112 474 адам коронавирус инфекциясынан (108 818 КВИ+ және 3 656 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 972 пациент стационарда болса, 81 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 966 адамның жағдайы ауыр болса, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр. 232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

10 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. "Сары" аймақта: Түркістан облысы бар. 

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу