Қазақстанда індеттің жаңа штамдары анықталған жоқ

809

Вакцинацияның жағымсыз әсері байқалмады.

Қазақстанда індеттің жаңа штамдары анықталған жоқ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағында коронавирустың циркуляциясы бойынша эпидемиологиялық мониторинг жүргізіліп келеді. Қыркүйек айынан бастап қаңтар айына дейін жүргізілген геномдық зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, ел аумағында коронавирустың жаңа штамдары анықталған жоқ. Дәлірек айтар болсақ, британдық, оңтүстік-африкалық, бразилиялық штамдар анықталмады. Наурыз айының соңында кезекті геномдық зерттеулер нәтижесі белгілі болады", - деді Ерлан Қиясов. 

Сонымен қатар Денсаулық сақтау вице-министрі вакцинация тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша егу кезінде вакцинаның ешбір адамда жағымсыз әсері байқалмаған. 

"22 ақпанда екінші компонентті егу басталды. Қазіргі кезде 19312 адамға вакцина салынды. Әзірге жағымсыз реакция байқалған жоқ. Елімізде жалпы саны 628 вакцинация пункті құрылды. Оның қазіргі кезде 451-і қызмет көрсетуде", – деді бас мемлекеттік санитар дәрігер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу