2017 жылдың қаңтар-мамырында азық-түлік тауарларының бағасы 4,3 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар 2,6 пайызға, ал ақылы қызметтер құны 2,7 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың басынан бері (2017ж. мамыр 2016ж. желтоқсанға) картоптың бағасы 53,9 пайызға, жаңадан жиналған көкөністер 15,3 пайызға, қой етіне 10,1 пайызға, сиыр еті 8,4 пайызға артқан. Сонымен қатар, жаңадан жиналған жемістердің (6,1%), сары майдың (5,9%), консервіленген сүттің (5,3%), жылқы етінің (4,2%) және кондитерлік өнімдердің (4%) бағасы қымбаттады. Ал бағаның төмендеуі қияр (43,1%), жұмыртқа (20%), қызанақ (10,2%), қарақұмық жармасы (9,6%) мен қанттың (6,8%) және күнбағыс майының (5,4%) құны төмендеді.
Баға өсімі автомобильдерде — 4,3%, шыны және қыштан жасалған өнімдерде – 4%, тоқыма бұйымдарында – 3%, фармацевтикалық өнімдерде – 2,6%, тұрмыстық заттарда – 2,1 пайызды құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 7,3%, ыстық суға – 6,9%, кәрізге – 6,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, электр энергиясына – 3,1%, суық суға – 2,2 пайызға жоғарылады.