Қаңтарда азық-түлік тауарларының бағасы 5,8%-ға дейін өсті. 2024 жылғы желтоқсанда 5,5% болды. Осы топтағы тауарлардың бағасы Жетісу облысында (7,9%) максималды, Түркістан облысында (3,3%) минималды өсім көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,4% жеделдеді. Максимал мән Түркістан облысында (13,1%), минимал мән Павлодар облысында (5,7%) тіркелді.
Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының ж/ж өсу қарқыны 13,8%-ға дейін жеделдеді. Сонымен қатар Астана қаласында (17,8%) баға жоғары, Түркістан облысында (9,3%) айтарлықтай төмен өсті.
Ел бойынша айлық инфляцияның өсу қарқыны қаңтарда 1,1% болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу