Қазақстанда инфляция қайта үдеді: қай өңірлерде баға қарқынды өсті

104

Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Қазақстанда инфляция қайта үдеді: қай өңірлерде баға қарқынды өсті Фото: icss.ru

2025 жылғы мамырда елдегі жылдық инфляция 11,3%-ға жетіп, сәуір айындағы 10,7%-бен салыстырғанда жеделдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Инфляция 16 өңірде үдей түскен, 3 өңірде баяулаған, ал 1 өңірде өзгеріссіз қалған.

Ең жоғары инфляция Алматыда
Алматы қаласында жылдық инфляция 13,0%-ды құрап, республика бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелді.

Азық-түлік бағасы
Азық-түлік тауарларының жылдық өсімі мамырда 9,6%-ға жетті (сәуірде – 8,5%). Ең жоғары өсім Ақмола облысында (11,4%), ең төменгісі Алматы қаласында (8,0%) байқалды.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар
Бұл санаттағы баға 9,0%-ға көтерілді (сәуірде – 8,9%). Түркістан облысында – 14,2%, ал Павлодар облысында – небәрі 5,4%.

Ақылы қызметтер
Ақылы қызмет бағасы бір жыл ішінде 16,0%-ға өсті (сәуірде – 15,7%). Алматы қаласында бұл көрсеткіш 22,5%-ға дейін жетсе, Алматы облысында – 11,3%.

Айлық инфляция
Мамыр айында жалпы инфляция 0,9%-ды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу