Қазақстанда инфляция соңғы 4 жылдағы ең жоғары шекке жетті

658

Қазақстандағы инфляция биылғы жылғы маусымда 7,9%-ке дейін күрт көтерілгеннен кейін өсімді жалғастырып, шілдеде 2017 жылдан бері ең жоғары мән – 8,4%-ке жеткен.  

Қазақстанда инфляция соңғы 4 жылдағы ең жоғары шекке жетті

 Мұндай мәліметті Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Азық-түлік нарықтарында теңгерімсіздіктердің жиі орын алуы, шикізатқа әлемдік бағаның өсуді жалғастыруы және негізгі сауда серіктестері болып табылатын елдерде, әсіресе Ресейде инфляциялық шеңбердің жоғары болуы аясында инфляцияның жеделдеуі орнықты сипатқа ие болып отыр. Көкөністердің жекелеген түрлері бағасының жазғы айларда күрт қымбаттауы нәтижесінде биылғы жылғы шілдеде 10,6%-тен 11,0%-ке дейін қымбаттады. Азық-түлік инфляциясы жылдық бағаның өсуіне бұрынғысынша көп үлес қосты. Ет пен өсімдік майының қымбаттауы да қосымша қысым көрсетуді жалғастыруда", - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша азық-түлікке жатпайтын инфляция ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар және жанар-жағар май бағасының өсу қарқынының жеделдеуіне байланысты 6,9%-тен 7,2%-ке дейін өскен.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу