Қазақстанда инфляцияның өсуіне білім беру қызметтері қомақты үлес қосқан

431

Қыркүйек айында инфляция деңгейі 0,6% құрады.  

Қазақстанда инфляцияның өсуіне білім беру қызметтері қомақты үлес қосқан Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 11,8 пайызға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Инфляцияның өсуіне білім беру қызметтері қомақты үлес қосты. Кәсіптік орта білім беру – 11,3%, жоғары білім беру – 10,8%, орта білім беру 6,3% қымбаттады. Баға мектеп оқушыларына арналған спорт секцияларындағы сабақтарға – 3,2%, таксимен жол жүруге – 2,6%, тұрғын үйді жалға алуға 2,3% өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында бір айдың ішінде баға айтарлықтай тас көмірге 3%, ағаш отынына 2,5% өсті. АИ-95/96 маркалы бензин – 2,7%, АИ-98 1,8% қымбаттады. Жиһаз және үйге қажетті заттардың бағасы – 2%, ноутбук – 1,5%, киім және аяқ-киім 1,2% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында баға бір айда күрішке – 3,2%, жұмыртқаға – 2,9%, жаңа ауланған балыққа, тұздалмаған сары майға – 2,1%-дан, минералды және ауыз суға 1,5%, жаңа піскен жемістерге 1,1% өсті. Бір айдың ішінде, керісінше, картоп 10,3%, жаңа піскен көгөніс 2,3%, күнбағыс майы 2%, жарма 1,5%, құмшекер 1,3% арзандады.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,1% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында 100% баға индексін құрады.

Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы қаласында – 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – Жетісу облысында 1,4%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында 2,1% өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу