Қазақстанда инновациялық штаб құрылуы мүмкін

218

Еліміз Global Innovation Index рейтингінде 81-орында тұр. 

Қазақстанда инновациялық штаб құрылуы мүмкін Фото: Үкімет

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Инновациялық штаб құруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ведомство басшысы инновациялық қызмет Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына берілгенін еске салды.

"Қазақстан Global Innovation Index рейтингінде 81-орында, ал Гарвард университетінің Экономикалық күрделілік индексінде 55-орында тұр. Айта кету қажет, GII – 78 индикаторды қамтитын кешенді халықаралық индекс. Аталған рейтингтегі елдің орны – бір ғана ведомствоның қызметінің нәтижесі емес, инновациялық дамудың негізгі бағыттары бойынша 10-нан астам мемлекеттік органның үйлесімді жұмысының нәтижесі", – деді Саясат Нұрбек үкімет отырысында.

Оның айтуынша, инновациялық қызметтің мұндай салааралық сипаты ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және институционалдық деңгейде бірыңғай үйлестіруді талап етеді.

"Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдар мен даму институттарының іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік беретін бірыңғай үйлестіруші тетік ретінде Инновациялық штаб құру ұсынылады. Алайда инновацияларды толыққанды дамыту үшін тек үйлестіру жеткіліксіз, өйткені жүйеде басқа да проблемалық мәселелер сақталуда", – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу