Қазақстанда интернет-алаяқтықтан келген шығын 4,8 млрд теңгеге жетті

133

2,4 млрд теңге жәбірленушілерге қайтарылған.

Қазақстанда интернет-алаяқтықтан келген шығын 4,8 млрд теңгеге жетті Фото: canva

Биылғы жылдың алғашқы үш айының өзінде азаматтарға келтірілген шығын көлемі 4,8 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Киберқылмыспен күрес департаменті басшысының орынбасары Әлібек Оразалының айтуынша, интернет-алаяқтықты ашу оңай емес. Себебі қылмыскерлер көбіне шетелде отырып әрекет етеді, бұл тергеу процесін күрделендіреді.

Өткен жылы елімізде 6 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі ашылып, 1 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал 2026 жылдың алғашқы тоқсанында 447 адам жауапқа тартылып отыр.

Құзырлы органдардың мәліметінше, алаяқтықпен күрес тек полицияның ғана емес, басқа да мемлекеттік құрылымдардың, IT мамандарының және БАҚ өкілдерінің бірлескен жұмысы арқылы жүргізілуде. Қазірдің өзінде нақты нәтижелер байқалып отыр.

Жалпы алғанда, 2025 жылы интернет-алаяқтықтан келген шығын 12,2 млрд теңгені құраған. Биыл шамамен 5 млрд теңге көлемінде қаражат кері қайтарылған. Бұл залалды өтеу бағытында оң өзгеріс бар екенін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу