Қазақстандықтар төлем жасауда интернетті көптеп пайдалана бастады

722

Қазақстандықтар төлем жасауда интернетті көптеп пайдалана бастады

Қазақстанда интернет арқылы жасалған төлем саны 2017 жылдың тамыз соңында 2,5 млн болды. 2016 жылы бұл көрсеткіш 102,9 мың абонент болған, деп хабарлайды 7kun.kz. 

Ауылдық жерлердегі абонент үлесі 19,1 пайызды құрады. 2016 жылмен салыстырып қарағанда бұл көрсеткіш  еш өзгермеген. 

Қазақстандық интернет байланыстың санының артуымен қатар, e-commerce секторында да өсу байқалады. 2017 жылы қаңтар-тамызда интернет-төлемнің үлесіндегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемі 35,2 пайызға жетті (487,5 млрд теңге), 2016 жылы 20,6 пайыз (163,8 млрд теңге) болған.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді төлеудің басқа түрінің көлемі POS-терминалдарда 63,2 пайыздан 54,3 пайызға дейін, банкоматтарда 15,5 пайыздан 9,9 пайызға, ал төлем саны POS-терминалдарда 55,7 пайыздан 55,5 пайызға дейін, банкоматтарда 14,0 пайыздан 6,9 пайызға, басқалары 0,5 пайыздан 0,3 пайызға дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу