Қазақстанда интернет қылмысты тез ашудың жолы табылды

431

Криминалистикалық-цифрлық зертхана іске қосылды.

Қазақстанда интернет қылмысты тез ашудың жолы табылды Фото: Ашық дереккөзден

Бір ғана телефонның көмегімен елді алдауға үйреніп алған алаяқтарға енді тоқтау болмақ. Қазақстанда алғаш рет Криминалистикалық-цифрлық зертхана іске қосылды. Яғни, енді полицейлер бір ғана компьютердің көмегімен-ақ қылмыстың ізін суытпай анықтай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Соңғы жылдары елімізде желі арқылы алдап-арбау, біреудің миллиондарын жымқырып жауапсыз қалу сияқты қылмыс түрлері дендеп кетті. Тіпті, сырттан хабарласып жерлестерімізді сан соқтырғандардың да қатары толастар емес. Ішкі істер министрлігі осындай қылмыскерлерді тез арада анықтайтын айла таптық дейді. Бұл үшін арнайы Криминалистикалық-цифрлық зертхананы іске қосыпты.

Криминалистикалық-цифрлық зертхана мамандарының айтуынша, дәл осы инстаграмм желісі арқылы жасалатын қылмыс өршіп тұр. Ол жердегі айларкерлерге 10 мыңнан бастап миллиондарға дейінгі ақшасын беріп қойғандар бар.

Жыл басынан бері бір ғана Астананың өзінде арнайы зертхана мамандарының арқасында 300-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Полицейлердің айтуынша, тіпті, телефондағы жалпы мақсаттағы қосымшалар, ойындар, электрондық кестелер де бақылауда болады. Өйткені зертхана мамандары көрінбейтін латентті қылмысты да анықтай алады. Әлемдік тәжірибе бойынша жүзеге асырылған зертхана жұмысы қазір өңірлердегі тәртіп сақшыларына үйретіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу