Бағдат Мусин: Қазақстанда интернет шектеулі

1619

Тәртіпсіздік салдарынан хабар-ошарсыз кеткен және зардап шеккендерді іздеу бойынша тікелей желі ашылады.  

Бағдат Мусин: Қазақстанда интернет шектеулі

Елде интернет шектеулі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, террористік топтар іс-әрекетін үйлестіру және жоспарлау үшін байланыс құралдарын пайдаланып жатыр. Сондықтан Қазақстанда интернет шектеулі.

"Министрлік Ұлттық банк, банктермен және ұйымдармен бірлесіп, кейбір ресурсқа интернетсіз қол жеткізуге болатын тетікті пысықтады. Олардың арасында Halyk Bank және Kaspi төлем сервистері, бірқатар жаңалық ресурсы мен Ақорда сайты бар", – деді министр.

Бағдат Мусин бүгінде маңызды сервистерге қол жеткізу мәселесі пысықталатынын атап өтті.

"Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен және зардап шеккендерді іздеу бойынша 1414 call-орталығының базасында тікелей желі ашылды", – деді басшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу