Қазақстанда интернет стартаптарды қолдау бағдарламасы ашылды

792

Қазақстанда интернет стартаптарды қолдау бағдарламасы ашылды

Қазақстанда интернет стартаптарды қолдау бағдарламасы ашылуда. Бұл туралы Aviata.kz негізін қалаушылардың бірі Алексей Ли мәлімдеді, деп хабарлайды naryk.kz.

Оның айтуынша, жаңа идеяны дамытуға өзіндік қаржы көлемі көп емес, шамамен ондаған мың долларды құрайды.

"Алайда осы саланы қолдауда әбден қалыптасқан компаниялардың тәжірибесіне де сүйену керек. Біз өзіміздің жүріп өткен жолдағы тәжірибемізді бастауыш кәсіпкерлермен де бөлісуге дайынбыз. Керек болса, стартаптар қазақстандық және шетелдік инвестициялық қорларға 10-15 пайыздық үлеспен шыға алады", — дейді Ли.

Компания басшысының пікірінше, жоба аясында жылына екі-үш компанияға қолдау көрсетіледі.

"Біз бірінші кезекте жобаның авторларының қандай адамдар екенін, олардың тез үйреніп кете алу мүмкіндігіне қараймыз. Бізге қазір интернет стартаптар қызық. Біз негізінен кәсіптерін бастап, енді көтеріліп келе жатқан стартаптарға қолдау береміз", — дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу