Қазақстанда инвестиция тарту қоры құрылады

708

Қазақстанда инвестиция тарту қоры құрылады

Елімізде инвестиция тартуға арналған жаңа қор пайда болады. Ол халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың орталығы аясында құрылмақ. Бұл туралы бүгін бас қалада өтіп жатқан "Astana finance days" форумы барысында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың айтуынша, қор жаңартылған қуат көзі бойынша қаржы тартумен айналысады. Сондай-ақ сарапшылық ресурстарды тұрақты дамытуға арналған қазақстандық жобаларға жұмылдырады.

"Біз тек Қазақстандағы емес, Орталық Азия аймағындағы жобаларды жүзеге асыруға басымдық береміз. Жаңа қор шағын қаржыландырудан бастап, венчурлық несиелендіруге дейін, сондай-ақ ауқымды бастамаларға инвестиция құю үшін жұмыс істейді. Жалпы айтқанда, күн, жел энергетикасы мен геотермалды және биомасса саласындағы жобаларды қамтимыз", - дейді халықаралық жасыл технологиялар орталығы жетекшісінің кеңесшісі Арман Шәкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу