Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Азамат Дүйсенбеков мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жүйеде инвесторлар мен кәсіпкерлердің өтініштері тіркеліп, олардың орындалу барысы толық бақылауға алынады. Бұл жұмысты прокуратура органдары қадағалайды.
Осы мақсатта арнайы комитет құрылып, мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты қабылдаған шешімдерінің заңдылығын тексеру міндеті жүктелген.
Сонымен қатар, инвесторлардың құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту үшін "прокурорлық сүзгі" тетігі енгізілді. Бұл механизм арқылы инвесторларға қатысты маңызды шешімдер алдын ала құқықтық тексеруден өтеді. Бастама тек шетелдік инвесторларға ғана арналмаған. Отандық бизнес өкілдері де инвестициялық жеңілдіктер мен қолдау шараларын тең дәрежеде пайдалана алады.