Қазақстанда инженерлік желілердің 70%-ға жуығы цифрландырылды

Елімізде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлы қорын қалыптастыру аясында инфрақұрылымдық деректерді цифрландыру жұмысы жалғасып келеді. 

Қазақстанда инженерлік желілердің 70%-ға жуығы цифрландырылды Фото: el.kz

Қала құрылысы кадастрының цифрлы қоры жыл сайын елді мекендердегі құрылыс аумақтарындағы инженерлік инфрақұрылымның деректерімен толықтырылып отырады, деп жазады inbusiness.kz.

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша инженерлік желілердің 69,3%-ы цифрландырылды. Бұл ретте 2021 жылы аталған көрсеткіш 63,1% деңгейінде байқалған еді.

"Биыл республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өңірлердегі 80 мың гектардан артық құрылыс аумағын тексеру жоспарланып отыр. Осы арқылы 2023 жылдың соңына қарай қажетті қаржыландыру болған жағдайда инженерлік желілердің 88%-ы цифрландырылады деп болжануда", – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, елді мекендердің инфрақұрылымдық деректерін (аудан орталықтарының деңгейіне дейін) толық цифрландыруды 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу