Қазақстанда ипотека арзандауы мүмкін

1035

Қазақстанда ипотека арзандауы мүмкін

Инвестициялар және даму министрлігі ипотекалық несие беру құнын арзандату мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында министр Жеңіс Қасымбек сөз етті, деп хабарлайды kursiv.kz. 
"Биыл осы бағдарламаны одан әрі іске асыру механизмін қарастырамыз. Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру бойынша жұмысты бастадық. Сондай-ақ баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға қарай бір тұрғынды 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз ету көрсеткішіне жеткізу үшін ипотекалық несие беруді арзандатуға қатысты мәслелерді қарастырып жатырмыз", – деді Жеңіс Қасымбек. 
Сонымен қатар ол осы жылы коммерциялық банктер құрылыс салушыларға субсидияланған 125 млрд теңге несие және 105 млрд теңгеге ипотека беретінін айтты.
"Банк секторының жандануы жыл сайынғы берілетін несиенің көлемін 350 млрд теңгеге дейін арттыруға, сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшылардың үлесін экономикалық белсенді халыққа шаққанда 12 пайызға көбейтеді", – деді министр. 
Оның айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында тұрғын үй беру артады.   
Еске сала кетер болсақ, бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тұрғын үйлердің құрылысын екінші деңгейлі банктер қаржыландыру керек деген болатын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу