Қазақстанда ипотеканың шарты өзгеруі мүмкін

932

Қазақстанда ипотеканың шарты өзгеруі мүмкін

Несие берудің шарттары жеңілдегеннен кейін екінші деңгейлі банктер ипотекаға сұраныс өседі деп отыр. Бұл туралы Ұлттық банк несие сегменті және ЕДБ болжамдары туралы есебінде айтты. 
2018 жылдың I тоқсанында қарыз алушылар несиені бұрынғыға қарағанда тиімдірек шартпен ала алады, яғни қарызды төлеу мерзімі артады және бастапқы жарна мөлшері азаяды деп көрсетілген құжатта. 
Ипотеканың мөлшерлемесі біршама өскеннен кейін 2017 жылдың соңына қарай төмендей бастағаны белгілі болды. 
Құжат мәтініне сәйкес, шарттарды күшеюіне бұрын өтімділік көрсеткішінің нашарлауы, кепілмен қамтамасыз ету тәуекелінің артуы және басқа да процестер себеп болған.   
Бұл ретте, қазір сұранысқа тұрғын үй құрылысын қолдауға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы жағымды әсер етіп отырғаны айтылды. Банктердің бағалауынша, келесі тоқсанда қарыз қоржынының сапасы жақсаруға тиіс. 
Дегенмен де барлығы біз ойлағандай керемет емес. ЕДБ таяу арада кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу операциялар ресурсы үшін күрес жиілеуі мүмкін екенін айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу