Қазақстанда ірі қара малдың асыл тұқымын эмбрион деңгейінде жетілдіретін зертхана ашу жоспарда бар

59

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстанда ірі қара малдың асыл тұқымын эмбрион деңгейінде жетілдіретін зертхана ашу жоспарда бар Фото: gov.kz

– Мал саны мен өнімділігін арттыру мақсатында жасанды ұрықтандырудың заманауи әдістері енгізілетін болады, – деді ол.

Министрліктің мәліметінше, осы бағытта сиырларды эмбрион арқылы ұрықтандыруға арналған зертхана құру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл әдіс аналық және аталық малдың генетикалық сапасын мұқият іріктеуге мүмкіндік береді. Соның арқасында жаңа, өнімділігі жоғары тұқымдар тезірек қалыптасып, мал шаруашылығында сапалы өзгерістер орын алады.

– Аталған технология жоғары өнімді мал түрлерін жылдам өсіруге және еліміздегі ірі қараның генетикалық әлеуетін жақсартуға жол ашады, – деп атап өтті вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу