Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды шетелге әкетуге жарты жылға квота енгізілмек

3649

Бұйрық 4 сәуірге дейін жария талқылауға шығарылған.  

Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды шетелге әкетуге жарты жылға квота енгізілмек Фото: eldala.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі ірі қара мен ұсақ малды Қазақстан аумағынан әкету үшін квота енгізбек. Бұл туралы Ашық НҚА порталында ашық талқылау үшін жарияланған ведомство басшысының бұйрығында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министр бұйрығында Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 60 000 бас тірі ірі қара малды және 120 000 бас тірі қой мен ешкіні әкетуге 6 ай мерзімге квота енгізу айтылған.

Егер белгіленген шектеуден асып кеткен жағдайда, жануарлар карантинге қойылады.

Құжатқа сәйкес, бұқаларды карантинге қою үшін лимит 60 мың бас. Оның ішінде:

  • бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;
  • тауар өндірушілер үшін – 30 000 бас.

Еркек тоқтыларды карантинге қою үшін лимит – 120 мың бас. Оның ішінде:

  • бордақылау алаңдары үшін – 30 000 бас;
  • тауар өндірушілер үшін – 90 000 бас.

Құжатта көрсетілгендей, Қазақстан аумағынан бұқаларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жиынтық мөлшері 500 бастан аспайды.

Ал тауар өндіруші үшін 200 бастан көп болмауға тиіс. Еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимиттің жалпы көлемі - 1 000, бір тауар өндіруші үшін 500 бастан аспауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу